Жанат Түсіпбеков Ауыр атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды

Жанат Түсіпбеков Ауыр атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды
Сурет: Ашық дереккөз

Бастапқыда федерация президенттігіне екі үміткер – Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев жарияланды

Бүгін, 17 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бастапқыда федерация президенттігіне екі үміткер – Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев жарияланды. Алайда кандидаттардың бастамасымен және федерация мүшелерінің қолдауымен Түсіпбеков Жанат Рашидұлына федерацияны басқару ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Федерация мүшелері, 26 адам, Жанат Түсіпбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Айта кетсек, Жанат Рашидұлы 2013 жылдан 2022 жылға дейін ҚР ААФ-ны басқарып келген. Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы сегіз олимпиада медалін жеңіп алды (2016 жылы - алтау, 2020 жылы - екеу).