Жанат Қасымжанова: Қаламыздың жақсаруы өз қолымызда

Жанат Қасымжанова: Қаламыздың жақсаруы өз қолымызда
Сурет: Tengrinews.kz

Әрқайсымыз өз таңдауымызды жасау мүмкіндігінен қалыс қалмайық.

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсыныстарын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі Жанат Қасымжанова пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алматылықтар үшін жағымды жаңалық! Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» жобасы талқылауға ұсынылды. Бұл - әр қала тұрғынының өз үнін қосатын, өз таңдауын білдіретін және өзінің сүйікті қаласының көркеюіне өз үлесін қоса алатын мүмкіндік екенін атап өткім келеді. Жобаны даярлау барысында қаланың болашақ даму бағыты әр түрлі саладағы белсенді және білікті сарапшылармен талқыланды, енді қала тұрғындарының назарына ұсынылып отыр. Сондықтан, әрқайсымыз өз таңдауымызды жасау мүмкіндігінен қалыс қалмайық, себебі қаламыздың жақсаруы өз қолымызда»,- деп жазды Жанат Қасымжанова.