Жаңаөзенде теңіз суын тұщытатын зауыт салу мәселесі қаралды

Жаңаөзенде теңіз суын тұщытатын зауыт салу мәселесі қаралды
Cурет: Inform.kz

Кендірлі демалыс аймағында теңіз суын тұщыту зауытын салу көзделуде

Жаңаөзен қаласында сенаторлар Серікбай Трұмов, Бақтыбай Шелпеков және Сүйіндік Алдашевтың қатысқан дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кендірлі демалыс аймағында теңіз суын тұщыту зауытын салу мәселесі талқылаудың басты тақырыбы болды.

Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен ардагерлер ұйымының мүшелері қатысты. Депутаттар жоба жоспары мен соның аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысын қарап, халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етудің және осы мәселені жауапты органдардың тұрақты бақылауының маңызды екенін атап өтті.

«Аймақтағы маңызды міндеттердің бірі – халықты ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қойылған мақсаттарымыздың нәтижелі орындалуына ықпал ету – біздің міндетіміз» , - деді Серікбай Трұмов.

Сенат депутаттары сонымен қатар жаңа мұнай-газ өңдеу зауытының құрылыс аймағында болды. Онда 2022-2024 жылдарға жоспарланған зауыт құрылысындағы жер учаскесімен және жобаны іске асыру жоспарымен танысты.