Жаңа жылдың басынан бері Алматыда қанша жүкті әйел коронавируспен ауырды?

Жаңа жылдың басынан бері Алматыда қанша жүкті әйел коронавируспен ауырды?
Сурет: Sjdhospitalbarcelona.org

Алматыда жыл басынан бері 2 мыңнан астам әйел коронавирус пен пневмонияны жұқтырған

Агенттіктің ресми сауалына Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылдың 1 қаңтары мен 24 қаңтары аралығында COVID-19-бен ауырғандардың жалпы саны 2173 адамды құрайтыны туралы жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Жалпы, 1257 әйел емделуде, оның 1038-і амбулаторлық, ал жүкті 219 әйел стационарлық ем алуда. Жаңа жылдың басынан бері жүкті әйелдер арасында коронавирустан қайтыс болғандар тіркелген жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, мегаполисте коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Қазақстан аймақтарында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы 12 қаңтардан бастап «қызыл» аймаққа кірді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирусқа қарсы екпе және ревакциналау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Алматылықтарға арнаған сөзінде әкім екпені кешіктірмеуге, ал одан өткен адамдарға бустерлік егуді қоюға кеңес берді.