Жаңа Зеландияда жер сілкінді

Жаңа Зеландияда жер сілкінді
Сурет: Russian.rt.com

Бір күн бұрын Жаңа Зеландия елде болған «Габриэль» циклонына байланысты өз тарихында үшінші рет төтенше жағдай жариялады.

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) мен Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, Жаңа Зеландия жағалауында магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері Жаңа Зеландияның Солтүстік және Оңтүстік аралдарын бөліп тұрған Кук бұғазының суларында тіркелді. Зілзала ошағы Веллингтон аймағындағы Лоуэр Хатт қаласынан солтүстік-батысқа қарай 79 км жерде, 74 км тереңдікте болған.

Жаңа Зеландияның Geonet қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалады. Цунами қаупі, зардап шеккендер мен қираулар туралы хабарланған жоқ.