Жаңа Зеландияда аралында жеті балдық жер сілкінісі болды

Жаңа Зеландияда аралында жеті балдық жер сілкінісі болды
Cурет: Inbusiness.kz

Жаңа Зеландияның Кермадек аралдарында бейсенбі күні жергілікті уақытпен 13:56-да магнитудасы 7,0 балдық зілзала тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Гавай аралдарындағы цунами туралы ескертетін Тынық мұхит орталығы «Кермадек аралдарының кейбір жағалауында 0,3-1 м дейін жететін цунами болуы мүмкін» деп хабарлады.

Ал елдің Төтенше жағдайларды басқару ұлттық агенттігінің дерегі бойынша, күшті жер сілкінісінен кейін Жаңа Зеландияға цунами қаупі төніп тұрған жоқ.