Жаңа Зеландия туристерге шекарасын ашты

Жаңа Зеландия туристерге шекарасын ашты
Cурет: Kaz.tengrinews.kz

Бұл белгіленген мерзімнен екі айға ерте

Жаңа Зеландияда шілденің 31-інен бастап туристер үшін шекара ашылатын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл белгіленген мерзімнен екі айға ерте. 
Премьер-министр Джасинда Ардерн осындай мәлімдеме жасады. Бұдан бөлек, ол көші-қон саясатына қатысты бірқатар реформа енгізілетінін де жеткізді. Яғни еңбек мигранттарының елге кіріп-шығуы жеңілдейді. Ел билігі алдағы туристік маусым қарсаңында жұмысшы тапшылығы мәселесін осылай шешпек көрінеді.