Жаңа спорт залы ашылды

Жаңа спорт залы ашылды Суреттерді түсірген - Самат

Алматы қаласы спорт басқармасының №9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жөндеу жұмыстарынан кейін гимнастикамен айналысуға арналған жаңа спорт залы ашылды.


Спорт залда 800-ден астам бала спортпен айналысады. Әлемдік деңгейдегі олимпиадалар мен  спорттық  жарыстардың болашақ жеңімпаздары жаттығатын болады.



Ашылу салтанатына Қазақстан гимнастика федерациясының вице-президенті М.Ескендіров, Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Е.Қасымов, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары  Қ.Сағындықов, «Тайшань» компаниясының өкілі Жанг Ли қатысты.


«Тайшань» компаниясының жабдықтары бүкіл әлемге танымал. «Тайшань» фирмасының жабдықтарында қазірдің өзінде әлем және Азия чемпионаттары ретінде әлемдік ауқымдағы ірі жарыстар өткізілуде. Халықаралық гимнастика федерациясымен танылған және сертификатталған.



«Бүгін  спортшылар, жаттықтырушылар мен  Қазақстан гимнастика федерациясы үшін қуанышты күн. Біздің компания 45 жылдан бері спортқа арналған жабдықтарды өндіреді. Бұл спорт мектебінен Қазақстанның атын шығаратын спорт майталмандары шығатынына сенім мол», - деді компания өкілі Жанг Ли.



№9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің  жанындағы спорт зал 1974 жылы салынған. Залда ашылғаннан бері алғаш рет жөндеу жүргізіліп, гимнастикалық жабдықтар ауыстырылды. Жаңа спорт залында ұлттық құрамалардың спорттық, батуттық гимнастика және спорттық акробатика бойынша жаттығуларын өткізу жоспарлануда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38