Жаңа оқу жылында Алмалы ауданының 13 500-ден астам бастауыш сынып оқушысы ыстық тамақпен қамтылады

Жаңа оқу жылында Алмалы ауданының 13 500-ден астам бастауыш сынып оқушысы ыстық тамақпен қамтылады
Сурет: Aigak.kz


 Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Сапар Нұрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

Әкім орынбасарының хабарлауынша, ауданда 35,9 мыңнан астам оқушыны қамтитын 29 мемлекеттік және 12 жекеменшік мектеп бар. Бүгінде оқушы орындарының тапшылығы 1883 құрайды. Биыл екі мектепке 900 орындық жапсаржай құрылысының құрылысын аяқтау есебінен тапшылықты 47,7%-ға азайту жоспарлануда (№34 мектеп-гимназияға 600 орындық және №144 мектепке 300 орындық жапсаржай).
 
Сапар Нұрашев жаңа оқу жылында 1323 оқушыға материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Әр оқушыға бюджеттен 43 мың теңгеден (мектеп формасы мен керек-жарақтары сатып алынады) бағытталады.

Бұдан өзге, «Мектепке жол»  республикалық акциясы аясында ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының қолдауымен жаппай оқыту шеңберінде қамтылмаған 300 балаға көмек көрсетілетін болады.

«Жаңа оқу жылында 1-ден 4-сыныпқа дейін 13 559 оқушы ыстық тамақпен қамтылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5-11 сынып оқушылары 650 адамды тегін тамақпен қамтиды», - деді С.Нұрашев.

Спикердің айтуынша, 8 тамыздағы жағдай бойынша, Алмалы ауданында 1-сыныпқа 3096 бала қабылданды.
 
2022-2023 оқу жылында №15 гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Қазіргі уақытта оқушыларды басқа білім беру ұйымдарына уақытша бөлу жүргізілді (барлығы – 2296 оқушы).
 
Бұдан әрі С. Нұрашев ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында 3 жастан 6 жасқа дейінгі орын тапшылығы 2310 орынды құрайтынын айтты. Оны азайту үшін бірінші жартыжылдықта жалпы жобалық қуаты 489 орындық 3 жекеменшік балабақша (Тұрғыт Озал көшесі, 151 үй мекенжайы бойынша "Жанұя-2022" бөбекжайы, Клочков көшесі, 28/191 мекенжайы бойынша «Дара» балабақша және кіші Абай көшесі, 193 мекенжайы бойынша балабақша) ашылды. Сонымен қатар, №16 бөбекжай-балабақшасын сейсмикалық нығайту мақсатындағы күрделі жөндеу аяқталды. №7 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламалары мен материалдарымен бөлісу кезінде ӨКҚ-ға сілтеме жасау міндетті.