Жаңа облыстардың көлік нөмірлерінің индекстері қандай болмақ?

Жаңа облыстардың көлік нөмірлерінің индекстері қандай болмақ?
Сурет: Newauto.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Сонымен, Абай облысының жүргізушілері – 18, Жетісу өңірі – 19, Ұлытау өңірі  - 20 санды аймақтың нөмірлерімен жүруі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

8 маусымда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы қаулы күшіне енді. Семей – Абай өңірінің орталығы, Талдықорған – Жетісу облысының орталығы, Жезқазған – Ұлытау облысының орталығы болды.

Әлібек Қуантыров автокөліктерге цифрлық кодтарды беру бойынша соңғы шешімді Ішкі істер министрлігі қабылдайтынын атап өтті.

«Бұл 18, 19, 20 деген сандар болуы мүмкін», – деді министр.

Еліміздегі көлік нөмірлерінің индекстері төмендегідей:
Нұр-Сұлтан – 01, Алматы – 02, Ақмола облысы – 03, Ақтөбе облысы – 04, Алматы облысы – 05, Атырау облысы – 06, Батыс Қазақстан облысы – 07, Жамбыл облысы – 08, Қарағанды ​​облысы – 09, Қостанай облысы – 10, Қызылорда облысы – 11, Маңғыстау облысы – 12, Түркістан облысы – 13, Павлодар облысы – 14, Солтүстік Қазақстан облысы –  15, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Шымкент – 17.