Жаңа монета айналымға шығады

Жаңа монета айналымға шығады
Сурет: Nationalbank.kz

Сатуға шығарылатын уақыты Ұлттық банктің сайтында хабарланады.

Қазақстан Ұлттық банкі “Қазақстанды монеталар арқылы таны” сериясы бойынша WORLD PAINTING коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күмістен жасалған монеталардың сынамасы — 925/1000, түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылған. Массасы — 62,2 грамм, диаметрі — 50 мм, дайындау сапасы — proof, номиналы — 2 000 теңге, таралымы — 300 дана.

WORLD PAINTING коллекциялық монеталары Dpartners арт-агенттігімен коллаборациялық жоба аясында шығарылады.

Қазақстанның халықаралық World Painting арт-жобасындағы фрагменті ретінде Семей полигонында ядролық сынақтан зардап шеккен суретші Кәріпбек Күйіковтің көгершін суреті мен Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші Дәурен Қастеев салған зәйтүн ағашының бұтағы монета дизайнына негіз болып отыр.