Жаңа комитет жұмысын бастады

Жаңа комитет жұмысын бастады
Суреттерді түсірген - К.Қонысбаев

Инновация және креативті индустрияларды дамыту комитеті Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында құрылады

Комитеттің бірінші отырысы мемлекеттік органдар, бизнес және ғылым өкілдерімен өтті. Жаңа комитет инновациялық тәсілдер мен әзірлемелерді дамыту шеңберінде бизнес пен ғылымды интеграциялауға ықпал ететін болады. Жұмыста 4 бағыт: инновация, креативті индустрия, IТ-бағыт,  инвестициялар болады.

Комитет осы бағыттар бойынша мәселелер мен жобаларды қарайтын болады. Еске салсақ, Ұлттық палатаны трансформациялау аясында ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасы бойынша өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, бүкіл ел бойынша салалық комитеттер құрылады. Мақсаты – бизнестен бірлесіп, салаларды дамыту бағдарламаларынан салалық сараптаманы күшейту. Комитеттер құрудың бұл бастамасы ҰКП-ның Х съезінде қолдау тапты.  Алматыда ӨКП базасында екінші салалық комитет өз жұмысын бастады.

«Алматыда үлкен инновациялық әлеует бар. Бүгінде кәсіпкерлер бизнес-процеске инновациялық технологияларды, креативті тәсілдерді енгізуге тырысуда. Ақылды қаланың құрылысында инновациялар барлық жағынан жүйелі түрде көрінеді. Экоавтобустар, электр самокаттар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, жасанды интеллект, сервистік онлайн платформалар, гастрокарталар – қалада шағын және орта бизнесті дамытуда тиімді құралға айналып жатыр», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Өңірлік бөліністе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған – 206 мың бірлік немесе бүкіл Қазақстан көрсеткішінің 14,4%. Елдің шағын және орта заңды тұлғаларының 27%-ы оңтүстік астанада жұмыс істейді.

Спикердің айтуынша, комитет жұмысының мақсаты – инновация мен креативті индустрияны дамыту мәселелерінде мемлекет, бизнес және ғылымның диалог алаңын құру. Міндеті – жобаларды коммерцияландыру бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ілгерілету, Алматы аумағында жаңа, инновациялық кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу.

Шараға қатысушылар инновация және креативті индустрияны дамыту комитетінің өңірлік мәселелерін талқылады.