Жамбылда әлі бір ай жарылыс болмақ

Жамбылда әлі бір ай жарылыс болмақ
Сурет: Qazaqtimes.com

Бірақ бәрі ұйымдасқан түрде жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысында әлі де жарылыс жаңғырығы естілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әскерилер қару-жарақ қалдықтарынан құтылуда. Байзақтағы 28/349 әскери бөлімінің аумағы, яғни жарылыс болған аймақ – Қайнар ауылынан 10-12 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан билігі Қайнар ауылы тұрғындарының ешқайда қоныс аудармайтынын мәлімдеді.

Қайнарлық тұрғындар қанша қорықса да, алдағы бір ай жарылыс болмақ. Себебі әскерилер күн сайын 5-6 рет 400 келіден аса қауіпті заттарды құртып отырады. Әскерилер бұл әрекеттер тек жұмыс күндері жүзеге асатынын айтады.