Жамбылда жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды

Жамбылда жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды
сурет: Qazaqtimes.com

Қаза тапқандар саны 14 болды.

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметтері анықталып жатыр. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Жоғалған екі адам іздестірілуде.