Жамбыл жырлары қырғыз тілінде басылды

Жамбыл жырлары қырғыз тілінде басылды
Сурет: SN.kz

Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабевтың туғанына 175 жыл болды.

Бір мың дана таралыммен шыққан кітаптың басылымын Қазақстан қаржыландырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

24.kz сайтының хабарлауынша, жинақта Жамбылдың қырғыз ағайындарға арнаған туындылары да бар. Кітаптар көрші елдің оқырман қауымына Қырғыз Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай табысталды.

«Жамбыл атамыз 1920-шы жылдары осы қырғыз елінде бір тойда болған екен. Сонда бұл кісілерді айтыстырмақ болған. Бірақ сол кезде Жамбыл атамыз «Біз енді бауырдай болып кеткен адамдармыз, сондықтан  айтыспаймыз. Өйткені айтысқаннан кейін жер-жебірімізге жетеміз, біз олай арамызды ашқымыз келмейді» деп екеуі сол жерде жақсы тарасқан екен», -  дейді Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінің директоры Салтанат Жамбылова.