Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы: Таразда халықаралық конференция өтті

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы: Таразда халықаралық конференция өтті
Сурет: 24.kz

Таразда «Жамбыл жырау» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Аталған еңбекке жыр алыбының бай мұрасы енген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шаһарда бүгін ақын шығармашылығын арқау еткен халықаралық конференция өтті. Шараға Манас елінің жыршылары да қатысты. 

Тағылымы мол танымдық конференцияның ақынның кіндік қаны тамған Әулиета өңірінде өтуі тегін емес. Форумға қатысушылар алдымен Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Одан кейін Көне-Тараз тарихи-этномәдени кешенінде поэзия шебері өмірінен сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысты. Отандық зиялы қауым өкілдері қос дәуір куәгері болған заңғар ақынның ашылмаған сан қыры бар екенін жарыса айтып жатты.