Жамбыл Жабаевтың 10 томдық жинағы жарық көрді

Жамбыл Жабаевтың 10 томдық жинағы жарық көрді
Сурет: Іnvestgazeta.ua

10 томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап дүние салғанға дейінгі барша өлеңдері мен айтыс-жырлары және көрнекті ақын-жазушылардың естеліктері де топтастырылған.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында шыққан 10 томдық жинақтың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, зиялық қауым өкілдері қатысты.

«Біз бүгін ұлы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік тапсырыс арқылы жарыққа шыққан 10 томдық жинақтың тұсаукесер рәсіміне жиналып отырмыз. Ұлы жыраудың соңында қалған соқталы шығармаларын ұлттың игілігіне жаратып, келер ұрпаққа жеткізу біз үшін ұлағатты парыз, асыл аманат. Мерейтой жылында ақын шығармаларын насихаттап, халыққа жеткізуде республика көлемінде көптеген мәдени іс-шаралар жүргізілуде. Солардың бірі - мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімнің аясында жарық көрген осы көптомдықтар дер едім, - деді Қырымбек Көшербаев.