Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев ұсталды

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев ұсталды
Сурет: Inbusiness.kz

Пара алу кезінде ұсталған.

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазселденқорғау» ММ директорының пара алу кезінде ұсталғанын растады.

«Қазселденқорғау» – ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны.

Ашық дереккөздерге сенсек, Кәрім Көкірекбаев «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшылығына 2019 жылдың тамыз айында келген.

Бұдан бөлек 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2013-2018 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі лауазымдарын атқарды.