Жамбыл облысындағы вакцина зауыты іске қосылды

Жамбыл облысындағы вакцина зауыты іске қосылды
Сурет: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналы

Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында вакциналар өндіретін биофармацевтикалық зауыттың жұмысымен танысты.

 Вице-Премьер Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысының Қордай ауданына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Ералы Тоғжанов зауытта облыс әкімі, институт басшылығы, сарапшылардың қатысуымен арнайы кеңес өткізді. Онда зауыттың өзекті мәселелері қаралып, шешу жолдары айқындалды.  

Сондай-ақ Вице-Премьер институт қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылысының барысын тексерді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету биологиялық қауіпсіздік саласына білікті қызметкерлерді тарту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.