Жалғызбасты ата-ананың қашықтан жұмыс істеуін заң жүзінде қарастыру керек

Жалғызбасты ата-ананың қашықтан жұмыс істеуін заң жүзінде қарастыру керек
Сурет: Zen.yandex.ru

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыда қарастыру қажет, -деді  президент, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Президенті мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ана мен баланы қолдау екеніне назар аудартты. Сонымен қатар әйел адамдар бала күтімімен ұзақ уақыт отырғанда кәсіби қабілетін төмендетіп алатынын, тіпті жалғызбасты ата-аналарға мұндайда тіпті қиынға соғатынын, оларға ерекше еңбек жағдайы жасалуы керек екенін баса айтты.

«Олар үшін ерекше еңбек жағдайын жасау қажет. Жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу және жұмыс істеудің қысқартылған режимі құқығын заңнамалық деңгейде қарастырған жөн. Дамыған елдерде ірі компаниялар өз кеңселерінде балалар бөлмелерін ашып жатады. Мұндай тәжірибе бізде де нормаға айналуы тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, ол үшін аталған санатқа кіретін жұмысшының мүддесін ескеретін жұмыс режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу қажет. Бұл ретте үздіксіз еңбек процесін, соған сай өндірісті қамтамасыз ету де маңызды.