Жалғас Жұмағұлов UFS-дегі жекпе-жегінде қанша тапты?

Жалғас Жұмағұлов UFS-дегі жекпе-жегінде қанша тапты?
Сурет: Fighttime.ru

Отандасымыз топ жаруда

Жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушеніндегі үш жекпе-жек үшін 53 400 доллар табыс тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жако екі кездесуінде жеңіліп, кейінгісінде жеңіске жетті. 

Промоушендегі бірінші кездесуінде Жұмағұлов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілді. Ол кезде Жалғастың жалпы табысы 15 900 доллар болды. 

Екінші жекпе-жегінде швециялық Амир Альбазиге есе жіберді. Қазақстандықтың ол кездегі гонорары 13 500 доллар болған.

Ал АҚШ спортшысы Джером Ривераны жеңгені үшін отандасымыз 24 000 доллар алды.

UFC-мен келісімшарт бойынша Жұмағұловтың тағы бір жекпе-жегі қалды.