Жалғас Жұмағұлов UFC-де үшінші рет жеңілді

Жалғас Жұмағұлов UFC-де үшінші рет жеңілді
Cурет: Prosports.kz

Турнирде ол анголалық Манел Капемен кездесті

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-5) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 31 турниріне қатысты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Турнирде ол анголалық Манел Капемен (16-6) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта африкалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы алтыншы рет жеңіліске ұшыраса, Манел Капе он жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Жұмағұлов үшін бұл UFC-дегі үшінші жеңілісі болды.