Жалғастың өмірін жалғайық!

Жалғастың өмірін жалғайық! almaty-akshamy.kz

Қазір Ораза айы. Бұл айда қолдан келгенше жоқ-жітікке, кемтар жандарға қол ұшын беру - сауаптың ең үлкені. Осы жолда Ораза айы сізге берілген зор мүмкіндік. Қасиетті Рамазан айында Тәңірі сіздің сауапты іс жасауыңызға барлық жағдай жасап, ізгі амалдың есігін ашып отыр.


Қазақта «ата-ананы баламен сынама» деген сөз бар. Әрбір ата-ана бауыр еті баласының дені сау болып туып, қатарынан кем қалмауын тілейді. Ал сол көз қуанышы, үміт күтер ұрпағының мүмкіндігі шектеулі болғаны кім-кімге де ауыр екені анық.


Редакциямызға арнайы келіп, мейірімді жандардан көмек сұрап отырған қала тұрғыны Қуандық Қарамырзановтың Жалғас есімді ұлының жасы биыл 13-те. Халқымыз «он үште отау иесі» десе, осы жастағы Жалғас тағдыр сынағына ұшырап, ата-анасы оның өмірі үшін күресуде.


Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша, Жалғас мүгедек бала тобына жатқызылып, оған "Мидың екі жарты шарының геморрагиялық типіндегі ОНМК салдары. Микроцефалия. ЗПРР. Жалпыланған ұстамалары бар эпилепсия (последствие ОНМК по геморрагическому типу обех полушарии головного мозга. Микроцефалия. ЗПРР. Эпилепсия с генерилизованными припадками)" деген диагноз қойылған.


Жалғастың жанына батқан дертке араша болайық!


Қол созып, көмек көрсетемін деген қайырымды жандар табылып жатса, Жалғастың әкесі Қуандықпен хабарласуларына болады.


Ұялы телефон: 8-7071417600 (Каспий голд осы нөмірде) KZ 89722С000031943662

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26