Жалған полиция қызметкері ұсталды

Жалған полиция қызметкері ұсталды
www.nur.kz

Павлодарда тәртіп сақшыларына жалған полиция қызметкерінің куәлігін көрсетіп, жауапкершіліктен жалтармақ болған азамат ұсталды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді

«Павлодар қаласының патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін бұзған Lexus маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің Астана қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол инспекторларға Ішкі істер министрлігіне қарасты Жеке қауіпсіздік департаменті қызметкерінің қызметтік куәлігін ұсынған. Оның құжаттарын тексеру кезінде куәліктің жалған екені білгілі болды», - деп мәлім етті Шұғыла Тұрлыбек.

Атылмыш оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.