Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетіле бастайды

Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетіле бастайды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Яғни, Халыққа қызмет көрсету орталықтары қолхат беруді тоқтатады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхат қысқартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, қағазсыз қызмет көрсетуге көшу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады.

"Мемлекеттік аппаратты жалпы цифрландыру және бюрократиясыздандыру аясында миллиондаған тонна қағазды технологиялар мен онлайн-сервистерге ауыстыру қажет, біз осы бағытта жұмысты бастап та кеттік. Енді қазақстандықтарға құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына клиент қолхаттың электронды нұсқасын көрсетсе болды", — деді Сүйеніш Әбділдин.

Қолхат берілмейтін қызметтер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;
  1. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  1. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
  1. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
  1. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;
  1. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
  1. Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
  1. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының төлнұсқасын беру.