Жәнібек жекпе-жекке дайындықты бастады

Жәнібек жекпе-жекке дайындықты бастады
Cурет: Egemen.kz

Жәнібек бразилиялық боксшы Эскиво Фалькаоға қарсы шаршы алаңға шығуы тиіс

Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшы жаттығу процесін Окснардтағы жеке бапкері Бадди Макгирттің залында өткізіп жатыр. Әлеуметтік желілерде жазба қалдырған боксшы жұмысқа кіріскенін жанкүйерлерінің есіне салған.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ оғланы WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағына таласады. Жәнібек бразилиялық боксшы Эскиво Фалькаоға қарсы шаршы алаңға шығуы тиіс.