Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Сурет: Ашық дереккөзі

Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жететініне қазірден-ақ сенімді

12 қарашада Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1,14 КО) кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жететініне қазірден-ақ сенімді. Ол жекпе-жек алдында әлеуметтік желі көмегімен мәлімдеме жасады. 

«Вегаста кездескенше! Көзілдірік таға кел, өйткені мен рингте жарқырайтын боламын», – деп жазды кәсіпқой боксшы Instagram-дағы парақшасында. 

Еске салсақ, орта салмақтылардың рейтингінде 14-орында тұрған Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлы алтын белбеуді иеленген бетте оны жекпе-жекке шақырған еді. Қандасымыз оның бұл ұсынысын қабылдады.