Жәнібек Әлімханұлы Лиам Смитке үндеу жолдады

Жәнібек Әлімханұлы Лиам Смитке үндеу жолдады
Сурет: Ашық дереккөз

Ұлыбританиялық боксшы WBO белбеуіне міндетті үміткер

Орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8КО) ұлыбританиялық боксшы Лиам Смитпен (33-3-1, 20КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Егер Лиамның кіші Крис Юбэнкпен матч-реваншы өтпей қалып жатса, Жәнібек онымен жұдырықтасуға дайын.

«Егер Смит Юбэнкпен жұдырықтаспаса, неге менімен кездеспеске? Ол менің титулыма үміткер болды. Қызық», – деп жазды Әлімханұлы Twitter парақшасында.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болған еді. Лиам Смит келісімшарты бойынша кіші Крис Юбэнкпен матч-реванш өткізуі керек.

Еске салайық, ұлыбританиялық боксшы WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) белбеуіне міндетті үміткер.