Жәнібек Әлімханұлы бокс чемпиондарына үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлы бокс чемпиондарына үндеу жасады
Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бірігейік, чемпиондар!

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы әлемдік боксшыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz спортшының желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Мен боксшылардың неліктен барлық титулдарды біріктіргісі келмейтінін түсінбеймін. Менің титулым бар. Бірігейік, чемпиондар!», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған.