Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады
Cурет: Prosports.kz

Жекпе-жек мамырдың аяғында өтуі мүмкін

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Рrosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы твиттерде Дигнумның промоутері Ли Итон (MTK Global) мәлім етті. 

«Дэнни Дигнум мен Жәнібек Әлімханұлы Америкада WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасуға келіскеніне қуаныштымыз», — деп жазды Итон.

Кейін промоутер жекпе-жек мамырдың аяғында өтетінін жазды.