Жәмилә Бақбергенова күрестен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Жәмилә Бақбергенова күрестен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Cурет: Olympic.kz

Финалда ол неміс Анна Шеллді (8:2) жеңді

Күрестен қазақстандық қыздар құрамасының өкілі Жәмилә Бақбергенова Түркияда өткен ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

ҰОК мәліметінше, Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлде тақты. Финалда ол неміс Анна Шеллді (8:2) жеңді. Жартылай финалда Бақбергенова Ресей чемпионы (2021) Ксения Бураковадан басым түсті.
Тағы бір қазақстандық Гүлмарал Еркебаева 76 келіге дейінгі салмақта америкалық Виктория Фрэнсисті жеңіп, қола жүлдені иеленді.