Жадыңды жақсартқың келсе, биле!

Жаңа зерттеулер. Соның шын мәнінде ми үшін қайсысы пайда­лы, қайсысы зиян?

Американдық психология докторы Т.Хорри Құдайдың өзі адамды он екі мүшесін сау етіп жаратқанымен, одан арғы өмірі өз қолында екенін айта келіп, мынадай тұжырым жасайды. Бұл ретте ғалым біздің ақыл-ойымызды жетілдірудегі үш жағдайдың зиянды, зиянсыз жағына тоқталды. Олар мынау екен.

* Өмір туралы жағымды, жақсы ойлайтындармен, яғни оптимистермен жиі байланыста болу.

* Көп білуге ұмтылу.

* Жыныстық қатынасқа жиі бару.

Енді үш зиянды нәрсе:

* Шектен тыс, үнемі диета ұстану.

* Күн сайын ой, танымға негізделмеген, жеңіл сериалдар көру.

* Өмірде жолы болмаған адамдармен сұхбаттасуға көп әуес болмау.

Есіктер бар, соның өзі өздігінен ашыла қоймайды. Тіпті, мүмкіндігі өлшеусіз дейтін көшбасшылардың өзі әрі кеткенде адамдардың 1 пайыздан аз мөлшерін құрайды. Сондықтан осы тұжырымды мойындай отыра әркім өз жолымен жүруі керек. Осылай еткен жағдайда сіз өз мақсатыңызға жетеді екенсіз.

Қимыл-қозғалыстың ішіндегі ең кере­меті кәдімгі би екен. Бидің де биі бар. Оның ішінде тангоны серік қылсаңыз, үнемі сергек жүресіз. Өте интеллектуалды би. Өте тез әрі ақылды шешім қабылдауға бұл бидің көмегі зор. Бұл, әсіресе, еркектерге пайдалы көрінеді. Би үстінде денеңіздің бар мүшесі қозғалып қана қоймай, мидың қан айналымы жақсарады екен. Ал әйелдер үшін «қарын биі» өте пайдалы.

Қ.ИМАН.  

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *