Жақыныңа жанашыр бол

Алматылықтарды сақтық шараларын қолдануға шақырады: инфекцияны жұқтырудың шамамен 40% — ы қоғамдық орындарға барған кезде орын алады

Алматы әкімдігі қаланың коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты мегаполистегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейтуге — бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, мүмкіндігінше қоғамдық орындарға, әсіресе нашар желдетілетін жабық орындарға (ғимараттарға) барудан бас тартуға шақырады.

Пандемия басталғаннан бері Алматыда COVID-19-дың 21 276 оқиғасы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда жұқтыру көрсеткіші-1065,6.

Осы жылдың қаңтар айының соңғы 3 аптасындағы жас құрамы және жұқтыру орындары.:
• 35,4% — 20-39 жас аралығында, 27,4% — 40-59 жас аралығында, 21,5% — 60 жас және одан жоғары;
• 39,6% — қоғамдық орындарға бару, 27,5% — отбасындағы КВИ жұқтырған науқаспен байланыс, 20,3% — көлікте. Сонымен қатар, отбасындағы іс-шараларда (құдалық және т.б.) жұқтырудың көбейгені атап өтілді.

COVID-19 — бен стационарлық емдеуде 909 адам жатыр: 745-інің жағдайы орташа ауыр, 149-ы ауыр жағдайда, 15-і өте ауыр жағдайда. КВИ белгілері бар 596 науқас үйде бақылауға алынған. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда барлығы 7011 төсек-орын дайындалған, оның ішінде КВИ-мен ауыратын науқастар үшін-1866.

Алматыда санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау аясында 32 мониторингтік топ жұмысын жалғастыруда. Қаңтар айының басынан карантиндік шаралардың сақталуын тексеру бойынша 305 іс-шара өткізілді, 2305 нысан қамтылды, 153 нысанда бұзушылықтар анықталды. Бұзушылық фактілері бойынша тиісті материалдар берілуде.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 17-24 қаңтар аралығында бір апта ішінде 101 рейд жүргізілді, 775 нысан қамтылды, карантиндік шаралар бұзылған 77 нысан анықталды. Сондай-ақ, өткен аптада барлық аудандардың ХҚКО-ры мен мамандандырылған ХҚКО-ры, қоғамдық көлік, әуежай және басқа да қоғамдық орындар тексерілді.

Кәсіпкерлік субъектілері пандемия кезеңінде қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауы қажет — бұл қызметкерлер мен келушілердің термометриясы, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды, жеке қорғаныс құралдарының (бетперделер, қолғаптар) ауыстырылуын, санитайзерлердің және дезинфекциялау құралдарының қорының болуын, үй-жайлардың желдетілуін қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға әкеп соғады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *