Жаңа серпін береді

Алтынай КӨБЕЕВА, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы,  «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры:

— Сайлау заңнамасында қабылданған жаңашылдықтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде де, Алматы қаласы мәслихатында да депутаттар құрамын сапалы жаңартуға мүмкіндік берді. Осы орайда  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеті бағыт бойынша айтылған бастамалары елдегі саяси мәдениетті айтарлықтай жоғары деңгейге көтерері сөзсіз.  Мәселен, бұл жолы «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттар арасында жастар көп, керісінше, мемлекеттік қызметкерлер аз. Сондай-ақ, әйелдердің үлесі басым. Бұл, өзгеріс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Алматы қаласы мәслихатының жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймын.

20 жылдық тәжірибесі бар қоғам белсендісі ретінде мен үшін азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыруға заңнамалық негіз құру маңызды. Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заңға сәйкес, карантин кезеңінде азаматтық қоғам өзінің қабілеттілігін көрсетті, сонымен қатар, қоғамдық бақылау процесіне белсене араласа білді. Жаңа заң қоғамдық бақылаудың барлық төрт нысанының тәртібін, сондай-ақ қоғамдық бақылау объектілері мен субъектілерінің глоссарийін реттейтін болады. Бұл халық үніне құлақ асатын «еститін мемлекет» қағидатына сәйкес келетін қоғам өмірінің әртүрлі әлеуметтік маңызды салаларының мәселелерін шешуге  мүмкіндік береді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *