«ЖАҢА АЛМАТЫ» даму үстінде

Шаһарда көз қуантып, көңіл сүйсінетін шаруа көп. Сол себепті, атқарылып жатқан жұмыстарды өзгелерге үлгі етуге болады.

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың «Шетсіз қала» бағдарламасы биыл да жалғасын та­ бады. Бағдарламаның тиімділігі сол, шеткі аймақтар орталықпен теңестіріледі. Халықтың әл-ауқатын аттыруға бағытталған жұмыстар әлемдік пандемияға қарамастан үздіксіз жүргізілді. Нәтижесінде тұрғындардың әлеуеті көтеріліп, елді мекендер әдемі қаланың кейпіне ене бастады.

Жалпы, «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспарында инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымын ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ? жақсарту, жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды салу жұмыстары қарастырылған және ол 2020–2024 жылдарға есептелген.

Алдағы уақытта осы жоспар аясында қыруар жұмыс бар. Жол-көлік инфрақұрылымынын дамыту, нақтырақ айтқанда, жол жасау, оны созу, жолайрықтарды іске қосу, бағдаршамдар орнату, жаяу жүргіншілердің жерүсті және жерасты өткелдерін салу секілді жұмыстары жоспарланып отыр. Жаңа нысандар бой көтергеннен кейін оның айналасы жасыл желекке орануы тиіс. Осы орайда биылғы жылы 194 гектар аумақты көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ.

Мегаполисті дамыту барысындағы әрбір атқатылар шаруа күн тәртібінен түспейтін мәселелер болғандықтан жаңа Алматы биыл да жұмысын таптұйнақтай етіп орындауға ниетті. Дәл қазіргі уақытта жоспар бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

 

ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ?

Алма НҰРАХМЕТҚЫЗЫ, «Шаңырақ» ықшамауданының тұрғыны:

СУ АҒЫП, ОТ ЖАНЫП ТҰР

Ең бастысы, біз бейбіт заманда өмір сүріп отырмыз. Қарнымыз тоқ, жағдайымыз анау айтқандай жаман емес. Сондықтан мұны бағалау керек. Әйтпесе, осыдан бірнеше жыл бұрын қаланың маңындағы елді мекендердің жағдайы қандай еді? Көгілдір отын былай тұрсын, үйімізді заңдастырудың өзі кәдімгідей үлкен мәселе болатын. Көшелеріміз батпақ, айналамыз сұрықсыз болатын. Қазір ше? Қазір көшелеріміз түнде жап-жарық, жолымыз түп-түзу.

Суың ағып тұр, отың жанып тұр. Кейіннен «ел іші болған соң, түнде де әрібері қозғалыс болады. Үлкен кісілерді былай қойғанда мектептен кеш қайтатын оқушыларымыз бар. Көшеміз жарқырап тұрса балалар үшін уайымдамас едік…» деп армандайтын болдық. Міне, сол қалауымыз өткен жылы шешілді. Көшемізге жарық келді. Балаша қуандық. Өз басым, мұның барлығы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев мырзаның бізге жасаған жақсылығы деп білемін.

 

Берік ҚҰРАЛБАЙ, Есік қаласының тұрғыны:

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕДІ

Өткен жылдың аяғына қарай «BAS TRADE» ЖШС-нің «Саяхат» автобекетінен «Есік» автобекетіне дейін қатынайтын №225 жаңа бағыты іске қосылды. «Жолдың жайын жүрген біледі» деген рас қой. Жұмысым Алматыда болған соң жолдың, көліктің зардабын бір кісідей-ақ тарттым. Күнде таксилетіп қалаға жету, кері қайту, түскі асың, жұмысыңа дейін жету бар… соның барлығы қалтамызға салмақ салатын.

Қазір Алматы мен Есік қаласының арасында арнайы «Оңай» картасымен қатынайтын автобус жүреді. Бөркімізді аспанға аттық. Сәл де болса нәпақамызға үнем болады деп қуандық. Қарапайым халықтың жағдайын ойлап, бізге осындай мүмкіндік жасаған сала басшыларының барлығына алғыс айтамын.

 

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *