Жақсылық Үшкемпіровке арналған ескерткіш ашылды

Жақсылық Үшкемпіровке арналған ескерткіш ашылды
Суреттер: Egemen.kz

Елордада Жақсылық Үшкемпіровтың ескерткіші ашылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Әмірәліұлына орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ескерткіш Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайының алдына орнатылған.

Былтыр тамыз айында қазақтың даңқты ұлы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өткен болатын. Дарабоз тұлғаны халқы ешқашан ұмытпайды.