Жақсылық Үшкемпіровке арналған ескерткіш ашылады

Жақсылық Үшкемпіровке арналған ескерткіш ашылады
Сурет: .ktk.kz

Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров былтыр 2 тамыз күні өмірден озды.

Астана қаласында 8 қыркүйек күні Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровке қойылған ескерткіштің ашылуы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosport.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 1951 жылдың 6 мамырында Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келіп, 2020 жылдың 2 тамызында өмірден өтті) — грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальды иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.