Жүргіншілер қауіпсіздігі маңызды

Мердігер ұйымдар қала әкімі Бауыржан Байбекке мегаполисте алдағы уақытта жолдарды жөндеудің нақтылы мерзімі мен көлемі көрсетілген жаңарған жоспарды ұсынды.

Қала басшысы тұрғындарға қолайлы болу үшін жұмысты барынша сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Қазірдің өзінде барлық мердігер ұйымдар арнайы жасалған қоршауларды алды. Әр нысанда мердігер компания директоры­ның, жұмысқа техникалық бақылау жасай­тын және аяқталу мерзімін қадағалайтын ұйымдар туралы ақпарат көрсетілген паспорт орнатылады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов әр ақаулы көше бойынша бордюрлер санының анықталғандығын және олардың дені дұрыс екенін, жасалған бұл акт кейін Наурызбай және Алатау аудандарына берілетінін айтты.

– Биыл жөнделетін әр көше бойынша ақау актісін жасадық. Бұлардағы алынған бордюрлер қайта қолданылады, яғни тротуарлар, пандустар және биылға жөндеу жұмыстары қарастырылмаған көшелер үшін пайдаланылмақшы. Барлық тиісті ақпарат әкімдіктің «Open Almaty» қоғам­дық қабылдауының  порталында жарияла­нады, – деді М.Исахов.

Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша аудандық әкімдіктер жүргінші­лерге қиындық туғызатын, түрлі құрылыс­тар жаулап алған тротуарларды тексерді. Бей-берекет тұрақтың алдын алу және жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қозғалыс қысқарып, жаяу жолдар абаттан­дырылады.

Айта кетсек, биыл шаһарда  ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді. Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдарын алып тастау қарастырылған. Жол жиектері абат­тандырылып, арық  науалары жаңарты­лады.

 

             «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *