Жұлдыз-жорамал(24 – 30 наурыз)

Бұл айдың соңғы аптасы. «Соңғы түйенiң жүгi ауыр» демекшi, ауа райында түрлi өзгерiстер орын алуы әбден мүмкiн. Бiрақ тоқсан шықты, ендi  көп қауiп те жоқ.

Жылдың басы жылылықпен басталды. Күн нұрын Жер-Анаға аямай төктi. Сай-салаларда қар суы сарқырап ағып жатыр.

Қоян жылы құт-берекеге толы болсын!

Мал тоқ болсын, ақ көп болсын! Бағар көбейсiн, көген кеңейсiн!

Тоқты

(21 наурыз – 19 сәуiр)

Тоқтылар үшiн осы апта бiркелкi өтедi. Сiз осы аптада өз тобыңыздан бөлiнiп, өзiңiздi көрсеткiңiз келедi. Қазiргi кез сiз үшiн өзiңiздiң алыс туысқандарыңызбен жүздесiп, алыс сапарларға баратын кез. Сiз кезкелген шараларға белсене  қатысасыз. Бiрақ демалыс күндерi бәрi аяқ астынан өзгередi. Өзiңiздiң жеке абыройыңыздың өз пiкiрiңiздi бiлдiруге дәрменсiз екенiне көзiңiз жетедi.

Торпақ

(20 сәуiр – 20 мамыр)

Дүйсенбi мен сейсенбi күндерi торпақтар өз мүмкiндiктерiн көрсете алмайды. Бiрақ та сiз осы күндерi өзiңiздi мазалап жүрген сұраққа шешiм табасыз. Сәрсенбi мен жұма күндерi аралығында апта басында бастаған жұмыстарыңызды бiтiресiз. Осы кезде сiздiң абыройыңыз жоғарылайды. Дәл қазiргi кезде сiз өзiңiздiң жақын туысқандарыңыздың кеңесiне құлақ қойыңыз, олар сiзге дұрыс  жол көрсетедi. Демалыс күндерi денсаулығыңызға көңiл бөлiңiз.

Егiздер

(21 мамыр – 20 маусым)

Апта басында егiздер достарымен жақсы қарым-қатынаста болады. Егер де ғаламторда көп отырсаңыз, дәл өзiңiздей ойлайтын адамдармен танысып, тiлдесесiз. Сiздiң ортаңыз жаңарып, ортаңызға жаңадан қызықты адамдар қосылады. Егiздер шығармашылыққа жақын адамдар, олар өздерiн толығымен көрсетуге бейiм. Апта ортасы отбасын құрған егiздер үшiн сәттi өтедi. Бейсенбi мен жұма күндерi некелесуге қолайлы. Ал демалыс күндерi сiзге демалуға уақыт болмайды, себебi сiз көптеген оқиғалардың ортасында боласыз.

Шаян

(21 маусым – 22 шiлде)

Апта басында шаяндардың жұмысында өзгерiстер болады. Сонымен қатар сiздiң өмiрлiк ұстанымыңызды өзгертетiндей оқиғалар болуы мүмкiн және алдыңызға жаңа өмiрлiк мақсат қоясыз. Дегенмен бәрiн жаңадан құруға асықпаңыз. Бәрi өз орнына келуi ғажап емес. Аптаның ортасы сiз үшiн сәттi өтедi, егер де сiз тәуекелшiл болсаңыз.  Сiз жаңа дос табасыз. Онымен арадағы қатынасыңыз болашақта нағыз романға айналуы ықтимал. Демалыс күндерi отбасыңыздың ақылына құлақ асыңыз және олармен дау-дамайға келмеңiз. Бұл отбасын құруға қолайлы уақыт емес.

Арыстан

(23 шiлде – 22 тамыз)

Апта басында сiздi жұмыс орныңыз iссапарға жiберуi мүмкiн немесе сынақтарға ұшырауыңыз ғажап емес. Сiздiң философияға қызығушылығыңыз бұрынғыдан да арта түседi. Орын алатын кейбiр жағдайлар сiздiң моральдық жағдайыңызды дұрыстауға мүмкiндiк бередi. Осы аптаның ортасында жұбайыңызға деген iңкәрлiгiңiз күшейедi. Жұлдыздар осы уақытта өз отбасыңызбен қызықты, көрнектi жерлерге баруға кеңес бередi. Бiрақ жексенбi күнi үйден шықпағаныңыз және бөтен адамдарға сенбегенiңiз жөн.

Бикеш

(23 тамыз – 22 қыркүйек)

Апта басында бикештердiң тәуекелге баратын iстерге араласпағаны жөн. Әңгiме тек ақша жөнiнде емес, барлық iске қатысты. Кез-келген iс сiзге соққы болып тиюi мүмкiн. Апта ортасында демалуыңызға және ем-дом қабылдауыңызға болады. Сейсенбi, бейсенбi, жұма күндерi емделсеңiз, кеселден тез айығуыңыз ғажап емес. Диета ұстап, қуаты күштi тағамдарды азайтып, денеңiздi тазартуға болады.Үйiңiздегi жөндеу жұмыстарыңыз тез бiтедi. Демалыс күндерi ақшаңыз жетпей қалуы мүмкiн, сол үшiн бұл күндерi зат сатып алмағаныңыз жөн.

Таразы

(23 қыркүйек – 22 қазан)

Таразылар осы аптада өздерiнiң жолдастарының немесе әрiптестерiнiң тiрлiгiне қатты қуануы мүмкiн. Сiз өзiңiздiң достарыңыздың қасында екенiңiздi сезiнбей жүрсiз, бiрақ оған назар аудармаңыз. Сәрсенбi мен жұма күндерi махаббат қызығына бөлену үшiн қолайлы кез. Егер де сiз жаяу жүретiн адам болсаңыз, онда көңiлiңiз ұнатқан жанмен автобуста немесе мейрамханада танысасыз. Және де бұл апта сiз үшiн сапарға шығуға қолайлы екенiн де естен шығармаңыз.

Сарышаян

(23 қазан – 21 қараша)

Сарышаяндарға аптаның басы тiрлiкке толы болмақ. Бәлкiм сiздiң туысқандарыңыздың бiреуiне сiздiң көмегiңiз қажет болуы мүмкiн. Өз денсаулығыңызға да көңiл бөлгенiңiз жөн. Бұл апта жүрегi ауыратын сарышандарға әсiресе, қиын. Аптаның ортасы ерлi-зайыпты сарышаяндарға өте қолайлы. Сүйiктi жарыңызбен бiрге жүрiп үйдiң барлық шаруасын iстейсiз. Қазiргi кез үйiңiздi жаңа сән үлгiсiндегiдей жасауға  қолайлы. Егер де ата-анаңызбен арада кикiлжiң туса, осы аптаны сол кiсiлерге арнаңыз, татуласуға өзiңiз бiрiншi қадам жасасаңыз, олар сiздi мiндеттi түрде кешiредi.

Мерген

(22 қараша – 20 желтоқсан)

Аптаның басында отбасы құрған мергендер бiраз толғаныста болады. Жүйкеңiздi тоздырмағаныңыз абзал, бiрер күннен кейiн бәрi өз орнына келедi. Махаббат қатынасында ұстамды болғаныңыз жөн. Аптаның ортасы сiздер үшiн қолайлы болмақ, сiз жаңа адамдармен танысасыз, әңгiме-дүкен құрасыз. Егерде сiз адамдармен жақсы қарым қатынаста болсаңыз, олар да сiзге оң көзбен қарайды. Аптаның аяғында құмар ойыннан алшақтау болғаныңыз дұрыс.

Тауешкi

(21 желтоқсан – 19 қаңтар)

Аптаның басы тауешкiлер үшiн үйде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге қолайсыз кез. Техникалық жабдықтарға жақсылап қараңыз, әйтпесе күтпеген жерден «тосын сый» алуыңыз ғажап емес. Аптаның ортасына қарай жағдай жақсы жағына қарай бiраз өзгередi. Бiрақ демалыс күндерi тұрмыстық техникаға қатысты көкейкестi мәселе орын алуы мүмкiн.Үйiңiзде де қарым-қатынастың жақсы болуы екiталай, сондықтан өзiңiздi сабырға шақырыңыз.

Суқұйғыш

(20 қаңтар – 18 ақпан)

Апта барысында суқұйғыштардың қарым-қатынасында өзгерiстер орын алуы мүмкiн. Бәлкiм сiз өзiңiз араласып жүрген адамыңызбен қатынасыңызды үзiп, бизнестi жаңа досыңызбен бастауыңыз ғажап емес. Дегенмен, арада санаулы күндер өткен соң сiзге жаңа танысқан досыңыздың әңгiмесi қызық емес екенiне көзiңiздi жеткiзесiз. Аптаның ортасында сiзге өзiңiзге қарама-қарсы жыныстағы адам назарын аударады. Шашыңызды бояп, киiм үлгiңiздi өзгертесiз. Бұл аптада алыс сапарға шықпағаныңыз жөн.

Балықтар

(18 ақпан – 19 наурыз)

Сiзде аптаның басында қаржылай қиындықтар туады. Ақшаңызды қолайлы жерде ұстағаныңыз жөн, әйтпесе ұрылардың уысында кетiп қалуы мүмкiн. Қымбат киiмдерге ақшаңызды жаратпаңыз. Демалыс күндерi ақшаңызды көп жұмсамаңыз. Арзымайтын дүниелерге ақшаны ысырап етпеңiз. Бiреуге қарызға ақша берудi де уақытша тоқтата тұрғаныңыз дұрыс. Өзiңiз де сұрамағаныңыз абзал. Уақытыңыз болса, маңызды сұрақтарға басқа күнi жауап бергенiңiз жөн.

Әзiрлеген – Бейiмбет БЕКМҰРАТОВ,

Абай атындағы ҚазҰПТУ-дiң 2-курс студентi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *