Президент: Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз

Президент: Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз
Сурет: Аkorda.kz

Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желісінде  жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз. Хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін емес. Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі», - деді  Президент.