Жолаушылар пойыздарының кестесі өзгерді

Жолаушылар пойыздарының кестесі өзгерді
Сурет: Daynews.kz

Бұл жолаушылардың өтініші болып табылады

Төтенше жағдайға байланысты теміржол арқылы қатынайтын жолаушылардың пойыздан түскен соң діттеген жеріне жетуі қиындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Себебі, түнгі сағат 11:00-ден таңғы 7:00-ге дейін көше қозғалысына шектеу қойылғаны белгілі. Атырау стансасына тәулігіне 4 жолаушы пойызы келіп-кетеді. Оның ішінде Алматы-Атырау жолаушылар пойызы таңғы сағат 5:00-де келеді. Бұл беймезгіл уақытта келетін жолаушылар үшін қолайсыздық туғызған еді. Осыған орай, Атырау теміржол бөлімшесі мекемесі жергілікті билікпен бірлесіп, пойыз қозғалысының кестесіне өзгеріс енгізді.

Жәнібек Жөнтұрбаев, Атырау магистралдық желі бөлімшесі директорының орынбасары:

– Атырау теміржол вокзалы бір қалыпты жұмыс істеуде. Жолаушылар поезының келіп-кетуі кесте бойынша жүргізіліп жатыр. «Теңіз» кенішіне қатынайтын 88/71 Атырау-Құлсары поезы коменданттық сағатқа байланысты сағат 6:30-дағы уақытын сағат 9:00-ге ауыстырды.