Өзге ұлт балалары Наурыз тойын ұлықтады

Наурыз мерекесiнiң қарсаңында №144 мектеп-гимназиясы қазақ тiлi мен әдебиетi кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тiлi мен әдебиетi сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиiмдiлiгi» атты қалалық әдiстемелiк семинарға қатысқан ұстаздар ұлттық киiм үлгiлерiн киiп келдi.

Оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн қолдана отырып, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жастар тәрбиелеп шығару бүгiнгi ұстаздың басты мiндетi. Демек, жаңа технология ұстаздан жаңаша жұмыс iстеудi талап етедi. Әдiстемелiк семинарда ОТЖЖ директорының орынбасары Г.Бекешова «№144 мектеп-гимназия әдiстемелiк қызметiнiң рөлi», бiлiм ұясы қазақ тiлi мен әдебиетi кафедрасының жетекшiсi Б.Бердембаева «Қазақ тiлi мен әдебиетi сабақтарында жаңа технология әдiстерiн пайдаланудың тиiмдiлiгi» атты тақырыпта баяндама жасады.

Наурыз мерекесiне қатысты құрмалас сөйлемдер, жан-жануарлар мен төрт түлiк әлемiне саяхат, ұлттық спорт түрлерi, жыл мезгiлдерi, жұлдызды сәттер туралы жоғары санатты тәжiрибелi ұстаздар Б.Бердембаева, Б.Қойгелдина, М.Ұзақова, А.Асқарова, А.Әбiшева мен Ж.Тоғыстардың өткiзген ашық сабақтары ұлттық рух, салт-сана, iсмерлiк өнерiмiзге қатысты құнды деректерге толы болды.

Он бiрiншi және сегiзiншi сынып оқушылары Ұлыстың Ұлы күнi – Наурыз мерекесiн ұлықтайтын қойылым мен ән-биден өнер көрсеттi. Орыс тiлiнде оқитын өзге ұлт балаларының мемлекеттiк тiлде тақпақ айтып, Наурыз туралы әндердi шырқауы әсерлi шықты.

Ө.ӨТЕУЛIҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *