Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы жинақтарының жартысын ала ала ма?

Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы жинақтарының жартысын ала ала ма?
Сурет: Aikyn.kz

«Онлайн қоңырау шалу» сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ зейнеткерлер зейнетақы жинақтарының 50 пайызын алуға болатыны туралы ақпараттың таралуына қатысты түсініктеме берді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«БЖЗҚ» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануы:

- егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, көзделген», - делінген хабарламада.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

«Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50 пайыз алу мүмкіндігі туралы «жалған» хабарламаларды елемеуге кеңес береді! Оның үстіне, БЖЗҚ барлық операцияларды тегін жүргізеді», - деп толықтырды.

Қордың сервистері туралы барлық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған, барлық қызметтер Қор бөлімшелерінде не enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.

БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтықтан, атап айтсақ, көп арналы тегін байланыс арқылы, байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ «Сыныптастар», Telegram, «Facebook», «Контактіде», «Twitter» және «Instagram» сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsAрp көмегімен кез келген ақыл-кеңесті алуға болады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған «Онлайн қоңырау шалу» сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.