Зейнетақы жинағы арқылы қанша адам баспаналы болды?

Зейнетақы жинағы арқылы қанша адам баспаналы болды?
Сурет: Kt.kz

Бір жолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша Алматы қаласы үшінші орында тұр екен.

 Алматылықтар зейнетақы жинағынан жалпы сомасы 241 млрд-қа жуық теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Отбасы банк» АҚ-ның баспасөз хатшысы Жанар Жолтаеваның мәліметінше, зейнетақы жинағындағы төлемге үйге жөндеу жұмыстарын жасауға да болады.

«Бүгінде 147 мың қазақстандық баспаналы болды, тағы 72 мыңнан астамы ипотекалық қарызын өтеді және 18 мыңға жуық адам зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін емделуге жұмсады. Олардың үштен бірі – әйелдер (75 493) және үштен екісі – ер азаматтар (161 879). Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (36 853 адам), олар жалпы сомасы 326 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (36 339 адам), елорда тұрғындары 217 млрд-қа жуық теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (31 438 адам), алматылықтар жалпы сомасы 241 млрд-қа жуық теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған. Яғни біржолғы зейнетақы төлемін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емдеу үшін жұмсауға болады», - деді «Отбасы банк» АҚ-ның баспасөз хатшысы.