Зейнетақыны рәсімдеу қалай жүргізіледі?

Зейнетақыны рәсімдеу қалай жүргізіледі? almaty-akshamy.kz

Жасына байланысты зейнетақыны қалай рәсімдеуге болады? Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде зейнетақыны қалай дұрыс рәсімдеу керектігін, бұл үшін қандай құжаттар қажеттігін тиянақты түсіндірді.


«Зейнетке шығуға алдын ала дайындалу қажет. ХҚКО-на құжаттардың түпнұсқасын ұсыну, зейнетақы аударымының бар-жоғын тексеру, тиімді нұсқаны есептеу қажет. Құжаттарды туған күнінен 10 күн бұрын тапсыру керек», – деді заңды және жеке тұлғалармен жұмыс істеу, электрондық іс макеттерін бақылау басқармасының басшысы Найла Мұхаметқалиева.


Тұрғылықты жері бойынша ХҚКО филиалдарына жүгінген кезде өзімен бірге мынадай құжаттар:


– жеке басын куәландыратын құжат;


– еңбек кітапшасы (немесе мұрағат мекемелерінің анықтамалары);


– білімі туралы құжат;


– әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;


– неке туралы куәлік (тегі өзгерген кезде);


– балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) болуы қажет.


Егер қандай да бір құжат болмаса, мысалы, еңбек кітапшасы болса, ұйымнан мұрағат анықтамасын ұсынуға болады. Басқа жағдайда сотқа жүгініп, судьяның шешімін ұсыну қажет. Спикер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау 2001 жылғы 1 шілдеден бастап 63 жасқа толған ер адамдарға, 58 жасқа толған әйелдерге жүргізілетінін еске салды.


Зейнетақы төлемдері әйелдерге жасы бойынша:


2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;


2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;


2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;


2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;


2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;


2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;


2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;


2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;


2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;


2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толғанда тағайындалады.


Жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде:


1) жеке және заңды тұлғалар төлейтін еңбек шарттары бойынша жұмыс;


2) әскери қызмет;


3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет;


4) Мемлекеттік қызмет;


5) Кәсіпкерлік және табыс әкелетін өзге де қызмет;


6) І топтағы мүгедектігі бар адамға, ІІ топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасы бойынша сырттан көмекке мұқтаж зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарттарға күтім жасау уақыты;


7) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы күту уақыты ескеріледі.


Спикер мәліметінше, жыл басталғалы бері жеті айдың ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемі бойынша 4280 өтінім берілген. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша 4871 және портал арқылы өтінім бергендер – 18, Халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша 4853 өтінім берілген.


 


Электрлі самокатпен жүрудің ережесі ескертілді


Енді заңды түрде электрлі самокат көлігімен велосипед жолымен, автожолдың жүру бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен, сондай-ақ тротуармен жүруге болады, – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек ӨКҚ брифингінде.


«Енгізілген өзгерістерге сәйкес, электрлі самокат жүргізушілері велосипед жолымен жүреді. Сол тәрізді, заңмен енгізілетін шарт пен тыйымды сақтай келе, жол жүру бөлігінің оң жақ шетімен электрлі самокаттардың жүруіне жол ашық», – деп атап өтті спикер.


Сонымен қатар, электрлі самокаттардың жүргізушісі кемінде 18 жаста болуы керек, ол бекітілген дулыға мен шағылыстыратын киім киюі керек, сондай-ақ кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет. Жол қозғалысы саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес, мопед, электрлі самокат, вело сипед жүргізушілеріне мынадай жағдайда:


– рөлді бір қолмен болса да, ұстамай жүргізуге:


– бір бағыттағы қозғалыста бір жолақтан солға бұрылуға не кері бұрылуға;


– мопед пен велосипедке арналған тіркемені сүйреуден өзге, мопедті, электрлі самокат пен велосипедті сүйреуге;


– көлік құралын жүргізіп келе жатып, жаяу жүргінші өткелінде жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге;


– басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуді қамтамасыз ететін, жол жүру ережесінде белгіленген талапқа сай, шағылысатын затсыз жолдың жүру бөлігінде түнде жүруге;


– жолдың жүру бөлігінде бекітілген дулығасыз жүруге тыйым салынады.


Өзгеріске сәйкес, электрлі самокат жүргізушілері велосипед жолымен қозғалады. Ол

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08