Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейеді

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейеді Cурет: Ашық дереккөз

Сондай-ақ, балаларға берілетін жәрдемақының көлемі айлық есептік көрсеткішінің негізінде көбейеді


Биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлерінің мөлшері 4 пайызға өседі.  Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ертілеу Жалғасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ал базалық зейнетақылар мен жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіш негізінде көбейеді. Жалпы облыста 243 мыңға жуық адамға зейнетақы мен жәрдемақы түрлері беріледі.



«ҚР Заңымен «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сәйкесінше, осыған дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері 4 пайызға индекстелді. Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты артады. Сондай-ақ, балаларға берілетін жәрдемақының көлемі айлық есептік көрсеткішінің негізінде көбейеді. Осыған сәйкес, сәуір және мамыр айларындағы жәрдемақы толықтай есептеліп маусым айынан бастап төленеді. Ал шілдеден бастап 1 айға көбейтілген мөлшерде берілетін болады», - деді Ертілеу Жалғасбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59