Зейнетақы жинағын депозитке аудару: Алты сағат ішінде 30 млрд теңге алуға өтінім берілді

Зейнетақы жинағын депозитке аудару: Алты сағат ішінде 30 млрд теңге алуға өтінім берілді Cурет: Inform.kz

Тұрғын үй сатып алу


Зейнетақы қорындағы жинақтар есебінен депозиттерді толтыру мүмкіндігі пайда болғаннан кейін 6 сағат ішінде қазақстандықтар 30 млрд теңге алуға өтінім берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz банктің желідегі парақшасына сілтеме жасап.



«enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі депозитке аудару мүмкіндігі пайда болған алғашқы 6 сағатың ішінде қазақстандықтар өз депозиттеріне 30 миллиард теңге аударғуға өтінім берген», - делінген банк хабарламасында.



Ол үшін enpf-otbasy.kz онлайн-платформасына ЭЦҚ көмегімен кіріп, «Мақсатты таңдау» пернесін басып, «Тұрғын үй сатып алу» бөлімінде «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» - деген мақсатты таңдау қажет.


Еске салсақ, 16 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - «Отбасы банкіндегі салымды толықтыру» батырмасы пайда болды.
Сонымен қатар Зейнетақы жинағын банктегі депозитке аударған соң үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.


2022 жылдың 1 қаңтарынан біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтерілетіні мәлім етілген болатын. Кейін ҚР Президенті шекті межені 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26