«Зере» фильмі халықаралық фестивальде көрсетіледі

«Зере» фильмі халықаралық фестивальде көрсетіледі
Cурет: Қазақфильм

Биыл кинофестиваль 21 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.

Режиссер Дәурен Қамшыбаевтың «Зере» дебюттік толық метрлі көркем фильмі Сан-Паулудағы 45-ші халықаралық кинофестивальде көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақфильмге» сілтеме жасап.

São Paulo International Film Festival - жыл сайын дебютанттар арасында өтетін кинофестиваль. Халықаралық деңгейде бұл фестивальді Mostra деп те атайды. Биыл кинофестиваль 21 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді. Ал ашылу салтанаты 20 қазанда болады.

Фестиваль үш секциядан тұрады: халықаралық перспектива, арнайы презентация және дебютанттар байқауы. «Зере» фильмі дебютанттар байқауында бақ сынайды.

Айта кетейік, «Зере» фильмінің басты рөлдерінде Берік Айтжанов, Мұрат Бисембин, Ольга Ландина, Адина Бажан, Елжас Рахым және Санұржан Сүлейменов сынды актерлер ойнайды. Түсірілім былтыр Жамбыл облысы Балқаш көлінің маңында Тайсойған деген жерде түсірілген. Туынды Qara Production @qaraproduction және Libertus Film @libertus.film өнімі.