Зейнеткер зерікпейтін болды

Зейнетке шығып, жұмыстан қол үзген адамның қол-аяғын сыйғызар жер таппай қиналатын сәті аз емес. Жағдайдың түзелгені болар, билік соңғы кезде бұл мәселеге де көңіл бөле бастады.
Таяуда Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесі соғыс және тыл ардагерлері кеңесімен біріге отырып, тың бастама көтерді. Оған сәйкес Гагарин және Жароков көшелері қиылысының аралығында Абай даңғылындағы №4 кітапхана базасында арнайы дәрістер өткізілмек. Онда зейнеткерлер компьютерді меңгеру сияқты түрлі заманауи жұмыстарға үйретіледі.
Бәрінен бұрын зейнеткерлердің зерігуінің алды алынбақ. Қазірдің өзінде дәріске 15 адам тартылып, оқытылып жатыр.
Бұл да болса шаһардың тың жаңалығының бірі.