Зейнетақы қоры «Ашық есік күніне» шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың 29 қарашасында, сағат 10.00-де Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 79-үй мекенжайы бойынша «Nur Otan» партиясы алаңында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Басты тақырып – «Зейнетақыны жоспарлау».

БЖЗҚ мамандары зейнетақыны жоспарлау, Қордың салымшылармен байланыс жасау арналары, болашақта лайықты зейнетақы алу және оны зейнетақы калькуляторы арқылы есептеу жолдары туралы әңгімелейді.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен «БЖЗҚ» АҚ қызметімен жете танысып, өздерін мазалаған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ала алады.

Шара соңында барлық қатысушыларға  бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдіруге мүмкіндік беріледі.

Тағы да еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы «Nur Otan» партиясы алаңында — Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 79-үй   мекенжайында өтеді. 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *